АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
"БЖЗҚ" АҚ-да "Ашық есік күні"
Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.
Қазір БЖЗҚ салымшылары Қор көрсететін қызметтердің 90% астамын әртүрлі электрондық сервистердің көмегімен алады. Шоттарды ашу және төлемдердің көптеген түрлерін жүзеге асыру қызметі жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта Қордың электрондық түрде көрсетілетін басқа да қызметтеріне де сұраныс артып келеді. Олар: деректемелерге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, үзінді көшірмелердің түрлерін қарау және оларды алу, зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны болжамды есептеу және басқалар.
Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға осы және басқа да электрондық қызметтер, оның ішінде 2024 жылы енгізілген қызметтер және оларды алу үшін не қажет екендігі туралы баяндап береді.
Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады. Бұл салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялайтын журналистерге де пайдалы болады деген үміттеміз.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://enpf.webex.com/weblink/register/rde762d7cb7d9308efecf9e4b52e5c06a).
event-мәжіліс нөмірі: (2510 315 9836
event-мәжіліс құпиясөзі: (11062024)