Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңын және басқа да Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiне қатысты нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2024 жылдың 1-тоқсанға мемлекеттік көрсетілетін қызмет 4 түрі бар.

1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» бойынша 40 анықтама берілді,

2) "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" бойынша 25 тапсырыс берілді ;

3)«Эскизді келісуден өткізу» бойынша 22  жоба келісуден өткізілді.

4) "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" бойынша 32 тапсырыс берілді ;     

Геопортал сайтына АПЗ,Эскиз, Объектіні қабылдау актілерін енгізу жұмыстары 100 процентке жасалынды.

Геопортал сайтына президенттін 32-қадамы бойынша  қылмыстық құқық бұзушылық картасын толықтыру жұмыстары 100 процентке жасалынды.

Геопортал сайтына дронмен қала бойынша салынып жатқан құрылыстарды түсіру жұмыстары жасалынды.

Барлық салынып жатқан және қайта құрылып жатқан құрылыстарға толық есептер жүргізілуде.

«Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2023 жылғы медиа жоспар бойынша бекітілген жоспарға сәйкес барлық іс-шаралар орындалды, сондай-ақ 2024 жылғы 1 тоқсанда медиа жоспар бойынша 2 іс-шара орындалды.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңын және басқа да Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiне қатысты нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Дата публикации
06 июня 2024