Шаруа қожалықтардың назарларына

Жетісу облысы Сарқан ауданының аумағынан «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының теңгеріміндегі «Ақтоғай-Талдықорған» Ж-5400 500 кВ ӘЖ жоғары вольтті электр жеткізуші әуе желілері өтіп жатыр.

ҚР Оңтүстік өңірлерін үздіксіз электрмен жабдықтау мақсатында және ҚР Энергетика министрінің 28.09.2017 ж. №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларына сәйкес, желінің екі жағындағы шеткі сымдардан 30 метр ӘЖ күзет аймағында өсімдіктерді жағуға, шөптерді, сабандарды қаттауға тыйым салынатындығын ескертеміз.

Шаруа қожалықтардың назарларына
Дата публикации
20 мая 2024