АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Сарқан қаласы 2024 жылғы 19 сәуір
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №16 "Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2024 жылдың 2-12 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға бөлім жұмысының 2023 жылдың II, III, IV тоқсанының жұмыс кезеңі қамтылды. Бөлім өз қызметін Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі №182 қаулысымен бекітілген Ережеге (әрі қарай – Ереже) сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің миссиясы Ережеге сәйкес Бөлімнің құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
1) Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексі;
- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Кодексі
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексі;
- ҚР Бюджет кодексі;
- ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;
- ҚР Жер кодексі;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-I I Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;
- "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы.
2) Заңнаманы талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша:
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерін орналастыру арқылы ұсынылады.
Талдау барысында бөлім ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты орналастырылған ақпаратқа арналған тақта бар екені анықталды. Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Ережемен бекітілген нормаларға сәйкес жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, бөлім Мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс тәуекелі жоқ, өйткені Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі, сондай-ақ азаматтар мен ЭҮП үшін үкімет арқылы балама бар.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау 2021 жылғы 1 шілдеден енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке тұлғалардан – 4 өтініш, заңды тұлғалардан – 6 өтініш тіркелген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзушылықтары талдау барысында анықталмаған.
Персоналды басқару тиімділігі:
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
2023 жылы бөлімде 1 маман мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың практикалық құралдары атты біліктілік арттыру курсынан өтті, 2024 жылға 1 маманды біліктілікті арттыру курсынан өтуге жіберу жоспарланып отыр.
Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерді жиналыс барысында бөлім басшысы бөлімдегі бас мамандарды этикалық кодекспен таныстырды. Мемлекеттік қызметкерлермен этикалық кодексті бұзу анықталған жоқ.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилиирленуі анықталған жоқ. Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының тікелей бағынысындағы бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.
Ішкі талдау жүргізу барысында бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу желісі бойынша:
Бөлімде барлық мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы шеңберінде өтеді.
Мемлекеттік сатып алу кезінде дау-дамайға жол берілген жоқ. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 5-бабының 4- тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар айына екі рет енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың афиилиирленуі анықталған жоқ. Барлық шарттар қол қойылып орындалады. Ішкі талдау нәтижесінде өткізілген мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік мекеменің басшысының туған-туыстары, жұбайы немесе жақтастары болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктердің, әкімшілік кедергілердің болуы . Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктер, әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.
Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы.
Талданған кезеңде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда баяндалғанның негізінде:
Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және
қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Рымбаев