АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

Сарқан қаласы                                                                   2024 жылғы 19 сәуір

КІРІСПЕ БӨЛІМ

      Бөлім (бұдан әрі – Бөлім) басшысының  2023 жылғы 9 наурыздағы № 41 "Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде  2024 жыл бойынша  02-12 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға  бөлім жұмысының  2023 жылғы жұмыс кезеңі қамтылды. Бөлім өз қызметін Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі  № 182 қаулысымен бекітілген Ережеге (әрі қарай – Ереже) сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің миссиясы Ережеге сәйкес Бөлімнің  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй саласында  мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
  2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;
  3. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;
  4. Персоналды басқару тиімділігі;
  5. Мемлекеттік сатып алу бойынша;
  6. Талдау нысанынан туындайтын өзге де мәселелер.
  7. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР:

1) Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Кодексі

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексі;

- ҚР Бюджет кодексі;

- ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;

- ҚР Жер кодексі;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI  Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;

- «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 қарашадағы №94-I Заңы;

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;

- "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары»;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 218 қаулысымен бекітілген  «Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстардың сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі Нұсқаулық»;

- «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы.

2) Заңнаманы талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
  2. Объектінің қызметін реттейтін заңнамада лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін ережелердің болуы.
  3. Бөлім өз қызметіде КР заңнамалық актілерін, бөлім Ережесін басшылыққа алады. Бөлім өз қалауы бойынша лауазымды тұлғалардың шешім қабылдауына ықпал етпейтін заңнамалық актілер аясында қызмет жүргізеді.
  4. Объектінің қызметін реттейтін заңнамада жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелердің болуы.
  5. Бөлімде өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасалмайды, өйткені бөлім өз қызметінде ҚР заңнамасын нақты ұстанады.
  6. Мүдделер қақтығысының болуы. «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 51-бабын орындау үшін «егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшіге лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруға тыйым салынады». Бөлімде қақтығыстар жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша:

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру;
  • Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру;
  • Тұрғын үй сертификаттарын беру;
  • Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
  • Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;
  • Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
  • Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру;
  • Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою.

Талданып отырған кезеңде бөлімге мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою мемлекеттік қызметі – 86 қызмет көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерін орналастыру арқылы ұсынылады.

Талдау барысында бөлім ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты орналастырылған ақпаратқа арналған тақта бар екені анықталды. Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Ережемен бекітілген нормаларға сәйкес жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, бөлім Мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс тәуекелі жоқ, өйткені Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетіледі, сондай-ақ азаматтар мен ЭҮП үшін үкімет арқылы балама бар.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау 2021 жылғы 1 шілдеден енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі. Талданып отырған кезеңде бөлімге  жеке тұлғалардан – 9 өтініш, заңды тұлғалардан – 12 өтініш тіркелген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзушылықтары талдау барысында анықталмаған.

Персоналды басқару тиімділігі:

  1. 2023 жылдың 1 қаңтарына аудан әкімімен бекітілген және ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен келісілген штаттық кестеге сәйкес. Бөлімнің жалпы штаттық саны – 7, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 4 бірлік.
  2. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 2023 жылы бөлімде 1 маман біліктілікті арттыру курсынан өтті, 2024 жылға 2 маманды оқуға жіберу жоспарланып отыр.

  1. Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтау.

Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерді жиналыс барысында бөлім басшысы бөлімдегі бас мамандарды этикалық кодекспен таныстырды. Мемлекеттік қызметкерлермен этикалық кодексті бұзу анықталған жоқ.

Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилиирленуі анықталған жоқ. Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының тікелей бағынысындағы бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.

Ішкі талдау жүргізу барысында бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік сатып алу желісі бойынша:

Бөлімде барлық  мемлекеттік  сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы шеңберінде өтеді.

Мемлекеттік сатып алу кезінде дау-дамайға жол берілген жоқ.                                                     Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының   5-бабының 4- тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар айына екі рет енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың афиилиирленуі анықталған жоқ.  Барлық шарттар қол қойылып орындалады.   Ішкі талдау нәтижесінде өткізілген мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік мекеменің басшысының туған-туыстары, жұбайы немесе жақтастары болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктердің, әкімшілік кедергілердің болуы . Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктер, әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.

 

Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы.

Талданған кезеңде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда баяндалғанның негізінде:

  • Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №112 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін қатаң ұстануға;
  • Бөлім қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының бұзылуына жол бермеу бойынша жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қажетті бақылау шараларын қабылдау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы Ережелердің талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері арасында оқу өткізу;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі талаптарын қатаң сақтау, Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі талаптарына сай қарау және орындау. Өтініштерді қарау мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері арасында оқу өткізу;
  • Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  • Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.

 

Сарқан ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ

және ТҮИ бөлімінің басшысы                                                           Д. Нокербаев

 

 

 

Дата публикации
23 апреля 2024