АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Сарқан қ. 19 сәуір 2024 жыл
Кіріспе бөлімі:
Бөлім басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10 "Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде, 2024 жыл бойынша 2 мен 12 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен 2024 жылғы бөлімнің жұмыс кезеңі қамтылды. Бөлім өз қызметін Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - ереже) негізінде жүзеге асырады. Бөлімнің миссиясы Ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Президенттің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес:
1.Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:
- ҚР Бюджет кодексі
- ҚР Салық кодексі
- ҚР Жер кодексі
- "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы №533-II Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 "ҚР тұқым шаруашылығы туралы" Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттік қызметі туралы" №416-V Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-VЗРК Заңы:
-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда № 18404 бұйрығы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы;
- "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы;
- Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы)»
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» "Жеміс - жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-1/168 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 33 бұйрығы»;
- Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы "ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 ұйрығына "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
- "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы ";
2.Бөлім өз қызметінде ҚР заңнамалық актілерін, бөлім Ережесін басшылыққа алады. Бөлім өз қалауы бойынша лауазымды тұлғалардың шешім қабылдауына ықпал етпейтін заңнамалық актілер аясында қызмет жүргізеді.
3.Объектінің қызметін реттейтін заңнамада жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелердің болуы.
4.Бөлімде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасалмайды, өйткені бөлім өз қызметінде ҚР заңнамасын нақты ұстанады.
5.Мүдделер қақтығысының болуы. "ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 51-бабын орындау үшін "егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшіге лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруға тыйым салынады". Бөлімде қақтығыстар жоқ.
Кадр жұмысы бойынша:
1.2024 жылдың 1 қаңтарына аудан әкімі бекіткен және ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен келісілген штат кестесіне сәйкес, бөлімнің жалпы штат саны - 9 адамды құрайды, оның ішінде: Бос орындар -1.
2.Мемлекеттік қызметшілерді оқыту.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 2024 жылы бөлімде 3 маман біліктілікті арттыру курсынан өтті, 2024 жылдың соңына дейін 4 маманды оқуға жіберу жоспарланып отыр.
3.Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтау.
Бөлімнің барлық мамандары этикалық Кодекспен танысты. Жиын барысында бөлім басшысы бөлім мамандарын осы Кодекспен таныстырды. Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексті бұзушылықтары анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу желісі бойынша:
2021 жылы бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 30 сатып алу өткізілді, оның ішінде:
- Мемлекеттік сатып алу Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен өткізілді, 523,1 мың теңге жалпы сомаға шарттар жасалды;
- 29 мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасау әдісімен өткізілді, жалпы сомасы 4194,3 мың теңге шарт жасалды;
Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде дау-дамайға жол берілген жоқ. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 5 бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына бір рет жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың аффилиирленуі анықталған жоқ. Барлық шарттарға қол қойылды, мерзімінде орындалды. Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарын, жұбайларын немесе жекжаттарын әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Қорытынды бөлім
Жоғарыда баяндалғанның негізінде:
1 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. Мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №112 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін қатаң ұстануға;
3) әкім аппаратының қызметінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасы заңының бұзылуына жол бермеу жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді орында орналастыруға;
6) қолданыстағы Мемлекеттік қызмет стандарттарының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері арасында оқу өткізу;
7) ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша "Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ өтініштерді қарау мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері арасында оқу өткізу;
9) жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын;
Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы Ж.Өмірсадық
Жұмысшы тобының мүшелері:
Абдраимова А.Н.
Сарсенова К.Е.
Шарипова Г.Ж.
Игіман Ж.М.