«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Сарқан қаласы 19 сәуір 2024 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10 «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2024 жылғы 02 мен 12 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2023 жылдың II, III, IV тоқсандары қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10 «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы»;
- Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы;
Заңнаманы талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Талдау барысында анықталғандай, ағымдағы жылдың 12 айында облыс кадрларының тұрақтамауының рұқсат етілген нормативі (9% көтермейді) кезінде таза ауысымдылық 0 бірлікті құрады, жұмыстан босатулар жоқ.
Жоғарыда көрсетілгендер кадрлардың тұрақсыздығының төмендігін көрсетеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тіркелмегендігін білдіреді.
Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөліммен 15 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
3.Мұқтаж мүгедектігі бар азаматтарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету;
4.Мұқтаж мүгедектігі бар азаматтарды гигиена, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;
5.Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектігі бар жеке көмекшінің және есту бойынша үшінші топ мүгедектігі бар ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу;
7.Мүгедектігі бар азаматтарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
8.Мүгедектігі бар балаларды жеке оңалту бағдарламасы бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу;
9.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
10.Ақталған адамға куәлік беру;
11.Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
12.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
13.Тұрғын үй көмегін тағайындау, төлеу;
14.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу; 15.Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталған жоқ.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 23-бабының 1-тармағында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілердің және Мемлекеттік корпорацияның орналасқан жерлерінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.
Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктердің, әкімшілік кедергілердің болуы
Дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктер, әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.
Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері
Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестері бекітілген нормаларға сәйкес келеді
Бұзушылық анықталған жоқ.
Әкім аппаратындағы ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер
Есепті кезеңде бөлім басшысының жеке қабылдауында 36 қабылданды. Барлық сұрақтар шешілді, соның ішінде жеке қабылдау барысында түсініктемелер берілді.
Бөлім есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың 23 өтінішін қарады, оның ішінде 15 жеке, 8 заңды тұлға. сұрақтардың сипаты бойынша: 2 - қайырымдылық және өзге де көмек көрсету, жеке сот орындаушыларынан 3 сұрау салу, 18 - өзге де мәселелер.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Ұсыныстар мен ұсынымдар:
1) Конкурс өткізу кезінде конкурстық рәсімдер мен кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейтін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алсын.
2) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтарды жою және одан әрі қызметте жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша семинар өткізу;
Топ жетекшісі: Н. Адилова
Топ мүшелері:
Бас маман Б. Сейсенбекова
Бас маман К. Нагайбаева
Бас маман А. Сарсен