Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

   «БЕКІТЕМІН»

Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

______________Н. Адилова

«_____»_________2023 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

 Бөлім басшысы

Бөлімдегі бағдарламалардың орындалуын бақылау. Кадрларды іріктеу, жұмысқа тағайындау, босату, өзінің құзіретіне қарай бұйрықтар шығару. Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы әлеуметтік мәселелер бойынша комиссиялардың жұмысына қатысу. Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың деңгейін, тұрмыстық материалдық жағдайына сараптама жасап көмек көрсету бойынша жұмысшы тобының жұмысын қамтамасыз ету.

Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (E-otinish) бағдарламасымен жұмыс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзіреті шегінде қарау және уақытылы жауап ұсыну. Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы орындалуын қадағалау. Бөлім жұмыс жоспарын әзірлейді және іске асыру.

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

Бас маман

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыстарын жүргізу. Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың деңгейін, тұрмыстық материалдық жағдайына сараптама жасап көмек көрсету бойынша жұмысшы тобының жұмысын жүргізу. Аз қамтылған отбасыларына «Тұрғын үй көмегі»  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу.   Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына: Ауған, Тәжікстан - Ауғанстан учаскесінде, таулы Қарабахтағы  Тә­уелсіз Мемлекеттер Достастығының ше­кара­сын қорғауды күшейту жөніндегі мем­лекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған азаматтарға, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар  жылына бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарын жүргізу.  «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай-сайын коммуналдық шығындарына төленетін өтемақыны қамтамасыз ету.

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

Бас маман

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету жұмыстарын  жүргізу. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыстарын жүргізу. Мүгедектерді сурдо - тифлотехникалық және міндетті  гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыстарын жүргізу. Медициналық - әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүргізу. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу.  Е-собес бағдарламасымен жұмыс жүргізу.

 

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

Бас маман

Аудан әкімдігі, «Алматы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері» кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Сарқан филиалы және Алматы  облысының  Кәсіпкерлер палатасының Сарқан ауданық филиалы арасындағы үш жақты келісімін ұйымдастыру жұмысын жүргізу. Қылмыстық жазаны және қылмысты құқықтық ықпал етудің өзгеде шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Ауылды жерлерде тұратын білім беру, денсаулық  сақтау, спорт саласының, әлеуметтік саланың мамандарына отын суға жылына бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жұмыс жүргізу. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыстарын жүргізу. «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жұмыстарын жүргізу. 

 

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

Бас маман

Алматы облысы бойынша бекітілген мүгедек адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмыстарын жүргізу. Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін, көлік инфрақұрылымының қолжетімділігіне  қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жасау, аудан көлемінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау жұмыстарын жүргізу. Мүгедектердің үйлестіру кеңесінің жұмыстарын, мүмкіншілігі шектеулі жандардың салауатты өмір сүруіне мүмкіндік беретін жайлы жағдайлар жасау үшін барлық қызметтер мен құрылымдық бөлімшелер арасында өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ, корпоративтік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы  жұмыстарын жүргізу. Әрекетке қабілетсіз және мүгедек азаматтарға қорғанышылық тағайындау жөніндегі ведомствоаралық кеңесші органның жұмысын жасайды.

 

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

Бас маман

Бөлімнің бюджеттік қаржысын толық көлемде игеру үшін ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету. Мекеменің бюджеттік тапсырысын әзірлеу. Мекеменің бухгалтерлік есептерін, 12 айдағы шығыстар сметасы орындалуының теңгерілуін жасайды, жылдық есепті әзірлейді, еңбекақыны есептейді, табыс салығын аудару, әлеуметтік қауіпсіздендіру төлемдерін аудару, еңбекақы есебін қортындылау. Бөлімнің негізгі қорлары мен басқа қорларын есепке алу уақтылы түгендеу жүргізу. Бөлімнің  мемлекеттік сатып алу жоспарын уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.  Қызметкерлердің тарификациялық штат кестесі бойынша жұмыс жүргізу. Мекеменің жылдық бюджетін «Ашық бюджет» және «Азаматтық бюджет» бағдарламаларына енгізу. Әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін жүзеге асыру. Бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және келісім шарттарды әзірлеп, орындалуын қадағалау. Статистикалық, салықтық, бухгалтерік есептерді әзірлеу, тапсыру.

 

Фактілер анықталған жоқ

Жоғары

 

«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар:

  1. Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты бөлімшелерді немесе лауазымды адамдарды айқындау;
  2. Мекеменің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы;
  3. Мекеменің адал жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу және практикаға енгізу;
  4. Мекеме қызметкерлерінің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін қабылдау;
  5. Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу;
  6. Бейресми есептілік жасауға және жалған құжаттарды пайдалануға жол бермеу.

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 апреля 2024