БЕКІТЕМІН
Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы
_________Д. Каипов
«_____»_________2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі » мемлекеттік мекемесі
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Бөлім басшысы |
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, ҚР Үкіметі Аппаратының тапсырмаларын уақтылы сапалы, толық және айқын орындау, саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласына қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу, әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-идеологиялық, ұйымдастырушылық және қоғамдық-саяси жұмыстар кешенін ұйымдастыру үшін жыл сайынғы бірқатар саяси маңызды іс-шаралардың барысын қалыптастыру, саяси жоспарлауды жақсарту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу, бөлім құзіретіне жататын мәселелер жөнінде аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, актілерінің жобасын дайындау, аудан әкімі жанындағы тұрақты комиссиялар жұмысының өткізілуін қамтамасыз ету. |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
|
Бас маман |
ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу, ақпараттық саясат жөніндегі негізгі қызмет бойынша хат алмасу және аудандағы ақпараттық топтардың жұмысын, ақпарат топ мүшелерінің халықпен кездесу кестесін бекітуге ұсыну, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде Мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесіне сәйкес орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды атқару, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының орындалуын қадағалау, қоғамды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру, көрнекі-үгіт құралдарын қадағалау |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
|
Бас маман |
Аудан көлемінде айтулы және мемлекеттік мерекелерде өткізілетін іс-шаралар жөнінде ақпараттарды жинақтап, әзірлеу, театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіру жүзеге асыру, ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асыру, мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру, жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мәдениет мәселелері жөнінде мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы талдамалық материалдар дайындау; |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
|
Бас маман |
Ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асуын қамтамасыз ету, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тіл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын жүргізу, «Тіл» оқу әдістемелік орталығының жұмысын ұйымдастыру, азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін тексеру жүйесі бойынша ҚАЗТЕСТ байқау сынағына тыңдаушылардың қатысуын ұйымдастыру, «Тіл және ономастика» аудандық жұмысшы тобының отырысын ұйымдастыру, Тіл мәселелері жөнінде мемлекеттік мекемелерінің жұмысы туралы талдамалық материалдар дайындау; |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
|
Бас маман |
Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жұмыстарын жүргізу, спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімдемесіне сәйкес қызмет көрсетеді: спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді. мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру, ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту бойынша шаралар ұйымдастыру. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар: