АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

 

Сарқан қаласы                                                                       19 сәуір 2024 жыл

 

Кіріспе бөлім

  1. Бөлім басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 12 «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде, 2024 жылғы 2-12 сәуір күндері аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен 2023 жылдың 12 айында бөлімнің жұмыс кезеңі қамтылды. Бөлім өз қызметін Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 182 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - ереже) негізінде жүзеге асырады. Бөлімнің миссиясы Ережеге сәйкес Сарқан ауданы аумағында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Президенттің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес:

 

  1. Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:

Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:

- 2015 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы No 414-V Кодексі

«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық кодексі)»                 № 99-IV Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 «Азаматтық кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 «Бюджет кодексі IV»;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы N 416-V Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі N 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы;

- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» №151 Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2006  жылғы 15 желтоқсандағы  «Қазақстан Республикасындағы Мәдениет туралы» №207 Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2014  жылғы 3 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы денешынықтыру және спорт туралы» №228-V Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы  «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» № 153 Жарлығы және  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы.

 

  1. Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
  2. Объектінің қызметін реттейтін заңнамада лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін ережелердің болуы.
  3. Бөлім өз қызметінде ҚР заңнамалық актілерін, бөлім Ережесін басшылыққа алады. Бөлім өз қалауы бойынша лауазымды тұлғалардың шешім қабылдауына ықпал етпейтін заңнамалық актілер аясында қызмет жүргізеді.
  4. Объектінің қызметін реттейтін заңнамада жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелердің болуы.
  5. Бөлімде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасалмайды, өйткені бөлім өз қызметінде ҚР заңнамасын нақтыұстанады.
  6. Мүдделер қақтығысының болуы. "ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 51-бабын орындау үшін "егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшіге лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруға тыйым салынады". Бөлімде қақтығыстар жоқ.

 

  1. Кадр жұмысы бойынша:

2024 жылдың 1 қаңтарына аудан әкімімен бекітілген  және ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен келісілген штаттық кестеге сәйкес. Бөлімнің жалпы штаттық саны – 7, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 5 бірлік, бос орындар - 0.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 2024 жылы бөлімде 1 маман, 2023 жылы 2 маман біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтау.

Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерді жиналыс барысында бөлім басшысы бөлімдегі бас мамандарды этикалық кодекспен таныстырды. Мемлекеттік қызметкерлермен этикалық кодексті бұзу анықталған жоқ.

 

 

4.Мемлекеттік сатып алу желісі бойынша:

      Бөлімде барлық  мемлекеттік  сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы шеңберінде өтеді.

2021 жылдың 4 айы бойынша  мемлекеттік  сатып алу жоспары бойынша 6 сатып алу өткізілді, 386551,57 мың теңге жалпы сомаға шарттар жасалды, оның ішінде:   

1 сатып алу ашық конкурс әдісімен өткізілді, 300000 мың теңге жалпы сомаға келісімшартқа қосымша шарттар жасалды;

5 келісім шартты бір көзден алу тәсілімен  тікелей шарт жасау әдісімен өткізілді, 377521 мың теңге жалпы сомаға шарттар жасалды;

Мемлекеттік сатып алу кезінде дау-дамайға жол берілген жоқ.                                                     Қазақстан республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының     5-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар айына екі рет енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың афиилиирленуі анықталған жоқ.  Барлық шарттар қол қойылып орындалады.   Ішкі талдау нәтижесінде өткізілген мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік мекеменің басшысының туған-туыстары, жұбайы немесе жақтастары болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

 

Қорытынды бөлім

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады;

      Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №112 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық  жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін қатаң ұстануға;

      Бөлім қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының бұзылуына жол бермеу бойынша жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу,  қажетті бақылау шараларын қабылдау;

       Мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолданыстағы стандарттарының талаптарын қатаң сақтауға және стандарттарды көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді орында орналастыру;

       Қолданыстағы мемлекеттік қызметтер стандарттарының талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері арасында оқу өткізу;

       Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі талаптарын қатаң сақтау, Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі талаптарына сай қарау және орындау. Өтініштерді қарау мәселелері бойынша бөлім қызметкерлері арасында оқу өткізу;

      Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 8 ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.

 

Сарқан ауданының ішкі саясат,

мәдениет, тілдерді дамыту және

спорт бөлімінің басшысы                                                         Д. Каипов

 

ТАНЫСТЫМ:

 

Сарқан ауданының ішкі саясат,

мәдениет, тілдерді дамыту және

спорт бөлімінің бас маманы                                                    М.Жапанаева

 

Сарқан ауданының ішкі саясат,

мәдениет, тілдерді дамыту және

спорт бөлімінің бас маманы                                                    Ж.Құдияров

 

 

«Сарқан» газетінің бас редакторы                                            Ж.Партия

 

 

Дата публикации
22 апреля 2024