Сарқан қаласы 8 сәуір 2024 жыл
Төрағалық етуші – Сарқан ауданы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі ММ бөлім басшысының орынбасары А.Абдраимова
Қатысқандар – жұмыс тобының мүшелері
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
«Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ қызыметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім басшысының орынбасары өз сөзінде штаттық кестеге сәйкес жұмысшылар саны 8 бірлікті құрайтынын, бүгінгі күнге бос бірлік жоқ екенін айтып өтіп. Ол барлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес қатаң түрде тапсырмаларды орындайтынын, бөлімде жақын туыстарының, жұбайлары бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталмағанын апат өтті. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты келесі ақпаратты ұсынады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі ережелерге сәйкес жүргізіледі, негізінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы:
1.Бөліммен барлығы 14 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес қатаң түрде көрсетілетін атап өтті. Алайда 2023 жылғы 19 маусымда бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Жаңа ережеге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электронды үкімет» веб-портал және мемлекеттік қызмет берушісінің кеңесі арқылы жүргізіледі. Порталда жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінде бұл мемлекеттік қызмет қол жетімді, бірақ техникалық тұрғыдан өтініш беру мүмкін емес. Осыған байланысты өтініштер көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі арқылы қабылданады.
Сонымен қатар, жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту мемлекеттік қызметі бойынша қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсеттені қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілен қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға рұқсат беру үшін тыңдаудың уақыты мен орыны (тәсілі) туралы хабарлайды. Алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіреді. Бұл ретте тыңдау туралы хабарлама мемлекетік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Жоғарыда айтылған тыңдау туралы хабарламаны жіберу мерзімдерін сақтау мүмкін емес.
Ұсынылады: адами фактордың болуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігіне байланысты жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуді толық автоматтандыру туралы ұсыныспен жоғары тұрған органдарға хат жолдау керек екені айтылды.
Жоғарыда айтылған тыңдау туралы хабарламаны жіберу мерзімдерін сақтау мүмкін емес.
ҰСЫНЫС: Қазақстан Республикасының Әкімшілік-Рәсім Кодексінде мерзімдерді сақтау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға хат жолдансын.
Жиынға қатыушылар төраға етушіні бір ауыздан қолдады.
Тыңдалудың аяқталу уақыты: 11 сағат 30 мин.
Төрағалық етуші А.Абдраимова
Хатшы Г.Шарипова