Хаттама
Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Сарқан қаласы 2024 жылғы 08 cәуір
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Бөлім (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2024 жылғы 27наурыз №12 "Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2024 жыл бойынша 2-10 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға бөлім жұмысының 2023 жылдың І, ІІ, ІІІ тоқсаны жұмыс кезеңі қамтылды. Бөлім өз қызметін Сарқан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген Ережеге (әрі қарай – Ереже) сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің миссиясы Ережеге сәйкес Бөлімнің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Кодексі
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексі;
- ҚР бюджет;
- ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;
-Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексі;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;
- "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;
-"Қазақстан Республикасындағы Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Заңы;
-"Қазақстан Республикасындағы денешынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V Заңы;
2.БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Кадр жұмысы бойынша:
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 2024 жылы бөлімде 1 маман, 2023 жылы 2 маман біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерді жиналыс барысында бөлім басшысы бөлімдегі бас мамандарды этикалық кодекспен таныстырды. Мемлекеттік қызметкерлермен этикалық кодексті бұзу анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу желісі бойынша:
Бөлімде барлық мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы шеңберінде өтеді.
2021 жылдың 4 айы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 6 сатып алу өткізілді, 386551,57 мың теңге жалпы сомаға шарттар жасалды, оның ішінде:
Мемлекеттік сатып алу кезінде дау-дамайға жол берілген жоқ. Қазақстан республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 5-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар айына екі рет енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың афиилиирленуі анықталған жоқ. Барлық шарттар қол қойылып орындалады. Ішкі талдау нәтижесінде өткізілген мемлекеттік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің арасында мемлекеттік мекеменің басшысының туған-туыстары, жұбайы немесе жақтастары болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Жоғарыда баяндалғанның негізінде:
Сарқан ауданының ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және
спорт бөлімінің басшысы Д. Каипов
Жұмыс тобының мүшелері:
Ж. Құдияров
М. Жапанаева
Ж. Партия