Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2023 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

«Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бүгінгі күнге келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру;
  • Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру;
  • Тұрғын үй сертификаттарын беру;
  • Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
  • Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;
  • Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
  • Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру.
  • Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар мен регламенттерге сай жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге 2023 жылдың басынан  «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша   – 2 қызмет көрсетілді.

«Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі бойынша- 2 қызмет көрсетілді.

 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша  2023 жылдың басынан 104 өтініш тіркеліп, кезекке қойылды. Оның ішінде:

  • Әлеуметтік әлсіз топтар – 43 қызмет;
  • Көп балалы отбасы – 39 қызмет;
  • Мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері – 13 қызмет;
  • Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 9 қызмет көрсетілді.

 

Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2023 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
13 марта 2024