Сарқан ауданының аудандық маңызы бар елді мекендердің ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары бойынша 2023 жылдық ақпараты.

Аудандағы  пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  998 шақырымды құрайды, соның ішінде 57 шақырым– республикалық маңызы бар жолдар,  532 шақырым – облыстық маңызы бар жолдар, 409 шақырым аудандық жолдар және елді мекендердің ішкі көше жолдарын құрайды. Сарқан ауданының аудандық маңызы бар елді мекендердің ішкі көше жолдары - 409 километрді құрайды. Бүгінгі күнге Сарқан ауданының ішкі көше жолдарының ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі  65%-ға (266 км) жетті, қанағаттанарлықсыз жағдайдағы жолдардың үлесі  – 35%  (143 км) құрады.

2023 жылға Сарқан ауданының көше жолдарын жөндеуге                   744,780 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

-  1 нысанның жолдарын күрделі жөндеуге 271,982 млн. теңге бөлінді,  Сарқан ауданы Сарқан қаласы Қабанбай батыр көшесі бойынша автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және тротуарлар орнату бойынша мердігер -  «Прогрес KZ» ЖШС, жоба 2022-2023 жылдарға жоспраланған, бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары мердігер тарапынан жүргізілуде, нақты айтсақ, ірі түйіршікті және ұсақ түйіршікті асфальт жабынын орнату жұмыстары және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге жұмыстар 100 % ға орындалды.

-  8 нысанның жолдарын орташа жөндеуге 462,798 млн. теңге бөлінді және жұмыстар қарқынды жүргізілді мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізіліп, мердігерлер анықталды  атап айтқанда:

 -«Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы Жанабаев және Тәуке хан көшелерінің жол жабынын орташа жөндеу» жұмыстарына «Жетысу Инжиниринг»  ЖШС мердігер болып анықталды, құбырлы өткелдерді орнату жұмыстары жүргізіліп, жолдың негізгі қабаты төселіп, асфальт төсеніші төселді, қазіргі таңда жұмыстар 100 % ға орындалды.

-«Сарқан ауданы Аманбоктер ауылы Абай көшесінің жол жабынын орташа жөндеу» жұмыстарына «Жетысу Инжиниринг»  ЖШС мердігер болып анықталды, құбырлы өткелдер орнатылды, жолдың негізгі қабаты төселіп, асфальт төсеніші төселді, қазіргі таңда жұмыстар 100 % ға орындалды.

-«Сарқан ауданы Лепсі ауылындағы Мұқан Төлебаев көшесінің жол жабынын орташа  жөндеу»  жұмыстарына «Дор Строй Талдыкорган» ЖШС мердігер болып анықталды. Жолдың негізгі қабаты төселіп, асфальт төсеніші төселді, қазіргі таңда жұмыстар 100 % ға орындалды.

-«Сарқан ауданының Сарқан қаласындағы Абай көшесінің жол жабынын орташа жөндеу» жұмыстарына «Прогрес KZ» ЖШС мердігер болып анықталды, қазіргі таңда жұмыстар 100 % ға орындалды.

-«Сарқан ауданының Қойлық ауылындағы Б. Майлин және Қабанбай батыр көшелерінің жол жабынын орташа жөндеу» жұмыстарына «Прогрес KZ» ЖШС мердігер болып анықталды, құбырлы өткелдерді орнату жұмыстары жүргізілді және жолдың негізгі қабаты төселіп, асфальт төсеніші төселді, қазіргі таңда жұмыстар 100 % ға орындалды.

-«Сарқан ауданының көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына»  «Прогрес KZ» ЖШС мердігер болып анықталып, жұмыстар аяқталды. Жұмыстар 100 % орындалды.

-«Алматы облысы, Сарқан ауданы, Тополевка – Қардон Жалаңаш ауылындағы автомобиль жолдарының жол жамылғысын орташа жөндеу жұмыстарына» «Прогрес KZ» ЖШС мердігер болып анықталып, қазіргі уақытта  жұмыстар 100 % ға орындалды.

-«Сарқан ауданы Бақалы ауылындағы Тастума және Көктөбе көшелерінің жол жабынын орташа жөндеу» жұмыстарына «IDEAL 01» ЖШС мердігер болып анықталды, асфальт төсеніші төселді, жұмыстар 100 % ға орындалды.

- 1 нысан бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 10,0 млн. теңгеге Сарқан ауданындағы елді мекендердегі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде, Сарқан ауданының ішкі көше жолдарының ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін  68%-ға (278 км) жеткізу,  ал қанағаттанарлықсыз жағдайдағы жолдардың үлесін  – 32%  (131 км) төмендету жоспарлануда.

Жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету мақсатында 2023 жылға Сарқан қаласындағы 5 бағдаршамды күтіп ұстау жұмыстарына, жол белгілерін және жол таңбаларын орнату жұмыстарына барлығы                     1,6 млн.теңге қаржы бөлінді, жұмыстар тиісті деңгейде орындалды қаражат толығымен игерілді.

Сарқан ауданының аудандық маңызы бар елді мекендердің ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары бойынша 2023 жылдық ақпараты.
Дата публикации
13 марта 2024