2024 жылғы 27 ақпандағы «Б» корпусының E-3 санаты бойынша «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы (уақытша, негізгі маман оқу демалысында 30.06.2024ж. дейін), индексі №09-01 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуына ұсынылатын үміткерлерді бағалау және қорытынды шешім шығару отырысы өткізілді.
Ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша аудандық бірыңғай конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Б» корпусының E-3 санаты бойынша «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы (уақытша, негізгі маман оқу демалысында 30.06.2024ж. дейін), бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Калиев Данияр Ермекұлын тағайындау жөнінде ұсыныс берілсін.