2023 жылдың қаңтар – желтоқсан айы бойынша жалпы өнім көлемі – 67 924,7 млн теңгеге, ИФО 102,4 % орындалды (обл.ИФО 101,8 %).
2024 жылдың 1 ші қаңтарға мал басының орындалу көрсеткіштері:
- мал басы: ІҚМ –62 131 бас;
- қой мен ешкі – 148 001 бас;
- шошқа – 707 бас;
- жылқы – 21 743 бас;
- түйе - 518 бас;
- құс – 104 900 бас.
Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру бойынша:
- тірі салмақта мал мен құс еті – 15 762 тонна.
- сүт – 44 559 тонна.
- жұмыртқа – 14 425,8 мың данаға орындалып отыр.
2023 жылдың жыл қорытындысымен аудандық статистикаға №6-Ж; 7-Ж мал саны есебі берілді жоспарға сәйкес орындалу күтілуде (мал басының қорытынды есебі 2024 жылдың сәуір айында шығады).
Себілген дақылдар
2023 жылы себілген алқап көлемі 97 982,4 га, себілген күздік бидай 16 763 га, 33 248,6 га жаздық арпа, жаздық бидай 6 208,6 га, жүгері 8002,3 га, тары 368 га, сұлы 291 га, қарақұмық 26 га, майбұршақ 13 229 га, мақсары 544,1 га, күнбағыс 5188 га, көп жылдық шөп 10 694 га, бір жылдық шөп 60 га, сүрлемдік жүгері 33 га, картоп 980 га, көкөніс 660 га, бақша дақылдары 119 га, дәрілік шөп 268,3 га, қант қызылшасы 1300 га себілді.
Дән орағы:
Аудан бойынша барлық сепкен дәнді дақылдардың көлемі 64 907 га. Бүгінгі күнге орылғаны 64 907 га, алынған өнім 171 102,6 тонна орташа өнімділігі 26,4 ц/га орындалғаны 100 %. Оның ішінде: күздік бидай 16 763,0 га, жиналғаны 16 763 га, орташа өнімділік 16,2 ц/га орындалғаны жалпы түсім 27 086 тонна, жаздық бидай себілгені 6 208,6 га, жиналғаны 6 208,6 га, орташа өнімділігі 18,5 ц/га, жиналған өнім – 11 458,8 тонна, жаздық арпа жиналатын 33 248,1 га, жиналғаны 33 248,1 га, орташа өнімділігі 24 ц/га, жалпы түсім 79 690,2 тонна, сұлы себілгені 291 га, жиналғаны 291 га, орташа өнімділігі 17 ц/а, жалпы түсім – 496 тонна, жинауға жататын жүгері 8002,3 га, жиналғаны 8002,3 га, орташа өнімділігі 64,5 ц/га, жалпы түсім 51 586 тонна, тары 368,0 га, жиналғаны 368 га, орташа өнімділігі 20,5 ц/га, жалпы түсім 754 тонна, себілген, жиналған қарақұмық 26 га, орташа өнімділігі 12 ц/га, жалпы түсім 31,2 тонна.
Майлы дақылдардың себілгені 18 961,1 га, жиналғаны 18 961,1 га, орташа өнімділіг 22,3 ц/га, жалпы түсім 42 268,3 тонна, орындалуы 100 % құрайды. Оның ішінде күнбағыс себілгені 5188 га, жиналғаны 5188 га, орташа өнімділігі 14,9 ц/га, жалпы түсім 7724 тонна, қытай бұршағы 13 229 га, жиналғаны 13 229 га, орташа өнімділіг 25,6 ц/га, жалпы түсім 33 837,6 тонна, мақсары 544,1 га, орташа өнімділіг 13 ц/га, жалпы түсім 706,7 тонна, жұмыстар жалғасуда.
Картоп себілгені 980 га, жиналғаны 980 га, орташа өнімділігі 227 ц/га, жалпы түсім 22 250 тонна, көкөніс себілгені 660 га, жиналғаны 660 га, өнімділігі 313,6 ц/га, жалпы түсім 21 996 тонна, бақша дақылдары себілген 119 га, жиналғаны 119 га, орташа өнімділігі 304,8 ц/га жалпы түсім 3627,7 тонна жұмыстар жалғасуда.
Ағымдағы жылы 2024 жылдың өніміне себілетін күздік дақылдардың тұқым құю және зертханалық тексеру жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге 4190,8 тонна тұқым құйылып, зертханалық тексеріске 4190,8 тонна түсіп, 4190,8 тоннасы тексерілді (1 класс 1461,5 тонна, 2 класс 2729,4 тонна).
Себілген 1300 га қант қызылшасының жиналғаны 1300 га, орташа өнімділігі 484,5 ц/га, жалпы түсім 62 984 тонна. Ақсу қант зауытына өткен қант қызылшасының көлемі 57 258 тонна. Мал азығына 5726 тонна жұмсалды.
Аудан бойынша сүдігер жырту жұмыстары басталды, жоспар 21 500 га. Бүгінгі күнге 21 500 га жер жыртылып өңделуде, орындалуы 100 % құрайды. Оның ішінде терең сүдігер жоспары 2500 га, орындалғаны 2500 га. .
Аудандағы күздік бидай себу жұмыстары бойынша жоспар 16 000 га, себілгені 16 000 га, орындалуы 100% құрайды.
Аудан бойынша сатып алынған минералды тыңайтқыштар көлемі 6 168,3 тонна (Аммофост силитра, сульфоаммофос). Оның ішінде терең сүдігер (қант қызылшасына) жұмыстарына қолданғаны 584 тонна.
2024 жылғы қант қызылшасының тұқымына аудан бойынша 33 шаруа қожалығы 1444,4 гектарға 1971,4 себу бірлігіне келісім-шартқа отырды.Оның ішінде: СПК Жетісу 1455 себу бірлігіне 1074,1 гектарға, «Alem Agro» ЖШС 290,3 гектарға 396,42 себу бірлігіне келісім-шартқа отырды. «AGROTIMES» 120 себу бірлігіне, 80 гектарға сатып алынды. Жұмыстар жалғасуда.
Көктемгі дала жұмыстарына оның ішінде қант қызылшасын күтіп баптауға Көксу қант зауытынан қарызға несие алған, оның ішінде қазіргі уақытқа 11 шаруа қожалығы, 34 317 237 теңге қарызы қалды, қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Экспорт:
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2024 жыл басынан 13,25 тонна дәрілік шөбі Ресей мемлекетіне экспортталды.
(2023 жыл бойынша 694,2 тоннаны құрайды (189,2 тонна дәрілік шөбі Ресей, Турция мемлекетіне, 238,0 тонна арпа Германия мемлекетіне, 267,0 тонна қытай бұршағының шроты Қырғыз мемлекетіне экспортталды).
Техника:
2023 жылы сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының саны - 142 дана, жалпы сомасы 3 735 857 163 теңгеге.
Инвестиция:
2023 жылдың 11 айымен ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 3 257 084 мың теңгені құрайды. (өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен 126,5 %). Ауыл шаруашылығы инвестициясын жоспарға сай орындау күтілуде.
Жер саласы:
2024 жылдың басынан 2 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарты жасалды.
Жер учаскелерін ауданның жер қорына түсіру туралы аудан әкімдігінің қаулысының 2 жобасы әзірленді, оның ішінде жалпы көлемі 600 га, оның ішінде 300 га егістік, 300 га жайылым жер коммуналдық меншікке түскен.
«Ауыл АМАНАТЫ» жобасы:
2023 жылы «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасын масштабтауға бағытталған «Ауыл АМАНАТЫ» жобасын іске асыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясына аудан бойынша 24 адамға 141,5 млн теңгеге құжаттары өткізіліп, несие алыну жұмыстары атқарылуда. (21 құжаты ауыл шаруашылығы саласы бойынша 3 құжат әр түрлі саламен көрсетілген).
Сарқан ауданы бойынша 2024 жылғы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге тапсырмаға сәйкес «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша несие алатындар туралы мәлімет жинақталып, бүгінгі күнге тапсырма қортындысымен 1 қала 12 ауылдық округ бойынша 55 адам 395 640 000 теңгеге несие алуға өтінім құжаттарын ретке келтіруде. Қазіргі уақытта берген тапсырмаға сәйкес 7 нысан қала, ауылдық округтерімен толтырылып, жұмыстар атқарылуда.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бағытында Қойлық ауылдық округінен «Қойлық Ақ бұлақ» кооперетиві сүтті сиыр асыраумен мал азығын дайындау бағытында құрылды.