Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі 2023 жылдың 12 айы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат

 

Сарқан ауданы бойынша 22 мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты - 1 (АХАТ қызметі), 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 6 аудандық бөлімдер. Аудан аумағында Мемлекеттік корпорацияның бөлімі (Халыққа қызмет көрсету орталығы) және Сарқан ауданының «Сервистік әкімдігі» Сарқан қаласында жұмыс жасайды.  

         2023 жылдың 12 айында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 9993   (9772  жеке тұлға, 221 заңды тұлға) оның ішінде  қағаз түрінде – 0 (0 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 1901, электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8092 (7871 жеке тұлға, 221 заңды тұлға).

2023 жылдың басынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында барлығы 48 іс-шара өткізілді (дөңгелек үстелдер, акциялар, жиындар мен семинарлар және т.б.). Мемлекеттік мекемелерде,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша баннерлер, ақпараттық тақталар ілініп, электрондық қызметтерді насихаттау мақсатында 11 билборд орнатылып, 4 бейне ролик түсірілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі туралы және сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, насихаттау бойынша  БАҚ-на  46 мақала жарияланды. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары халық арасында үнемі насихатталып, жүргізілуде.  

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 11-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 шілдедегі №116 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына,  Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы  іс – шаралар  жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 айында  төменде аталған мекемелер мен округтерге  ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Атап айтқанда:

1 тоқсанда «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Амангелді ауылдық округі әкімі аппараты»;

2 тоқсанда «Сарқан ауданының  ішкі саясат, мәдениет, тілдер дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Черкасск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі, «Қарабөгет ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ, «Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» бөлімі ММ.

 3 тоқсанында   «Шатырбай ауылдық окргуі әкімінің аппараты» ММ,  «Қарашыған ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ, «Көктерек ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ, «Лепсы ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ,  «Қойлық  ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ, «Бақалы ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ.

4 тоқсанында Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Сарқан қаласы әкімі аппараты, «Сарқан ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі», «Сарқан ауданының экономика және қаржы бөлімі»       

2023 жылдың  12 айында  дайындалған актілердің саны - 18.

Ішкі бақылау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап ету фактілері анықталмады.

Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  арыз – шағымдар түскен жоқ.

         Бекітілген Сарқан ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2023 жылға арналған ішкі мемлекеттік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіліп, толық орындалғандығын  хабарлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі 2023 жылдың 12 айы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
12 февраля 2024