Хабарлама
Сарқан ауданы Қарабөгет ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
2024 жылғы 11 ақпанда Қарабөгет сайлау округі бойынша Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Қарабөгет ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Қарабөгет округі бойынша сайлаушылар тізіміне 896 азамат енгізілді, олардың 754-і (84,2%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "бәріне қарсы" деген жолда -2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байжуманова Дальмира Сарсенбаевна. - 79 адам (10,5%)
Дюсембаев Алмас Ермекович. – 539 адам (71,5%)
Тлеулесов Дастан Кайратович. -134 адам (17,8%)
Қарабөгет ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1990 жылы туған Дюсембаев Алмас Ермекович Қарабөгет ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сарқан ауданды Қарабөгет ауылдық округінің әкімі, Қарабөгет ауылының тұрғыны, Партия «Amanat» .
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 11 ақпанда сайланған Сарқан ауданының Қарабөгет ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 12 ақпандағы шешімімен тіркеді.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы