Сарқан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы №40
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарқан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы №40 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 110832 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.