Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылдың 12 айдағы жұмысының қорытындысы

Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық  комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылған.  2023 жылға арналған жұмыс жоспары 2022 жылдың 28 желтоқсан күнгі №24 отырысында талқыланып, бекітілді. Комиссия отырысы да жоспарға сәйкес айына 2 рет кезекті, ата-аналық  оқыту-тәрбиелеу міндетін орындамаған ата-аналарға және ата-анасының тәрбиесіне көнбейтін, басқа да құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты кезектен тыс отырыстар өткізіліп отырады. Комиссия отырысын өткізу күні, орны мен уақыты туралы прокурорға міндетті түрде хабарланып отырды.

2023 жылы осы уақытқа дейін 24 кезекті отырыс,  кезектен тыс 4 отырыс өткізілді. Жоспар бойынша 48 сұрақ , жоспардан тыс сұрақтар саны – 66. Соның ішінде:

Жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын қараусыз және қадағалаусыз балаларды, кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ балалар еңбегінің заң емес түрлерін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», және басқа да өңірлік жедел-алдын алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізілді.

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 37 бала.Патронаттағы-3 бала, қорғаншылық және қамқоршылыққа – 11 бала алынған.

Сонымен қатар балалар үшін ата-аналардың баланы тастап кетуі фактілері тіркелмеген.Ата-ана құқығын дұрыс атқармау бойынша 10 бала – Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына комиссия шешімімен жіберілген, 4 баланы - ата-ана құқығынан сот шешімі арқылы алып,Талдықорған қаласындағы балалар үйіне жіберілсе, 1 балаға – қорғаншы және қамқоршы тағайындалды, 1 бала – туған әкесіне берілді;

 Сарқан ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және істерін қарайтын комиссиясының өзінің әлеуметтік желіде Instagram  парақшасына (sarqan__zan_bolimi) отырыстардың өтуі туралы мәліметтер беріліп отырды.

Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 03 сәуірдегі «Сарқан ауданы әкімдігі       жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» № 105 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-37- баптарына, 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының  26-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Аудан әкімді аппаратының заң және мемлекеттік- құқықтық бөлімшесінің бас маманы, комиссия хатшысы болған Айтқалиева Асель Саметқызының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне ауысу себебімен орнына Саматқызы Арайлым тағайындалды. Сарқан ауданы білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органының маманы болып Ерденбеков Мернат тағайындалды. Сарқан аудандық мәслихатының депутаты Токжигитов Ерболсын Токтасынұлының Сарқан қаласынан көшіп кетуіне байланысты, орнына  Балабеков Дастан Канатбекович тағайындалды және Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы КММ-нің директоры Абылханова Ляззат Темиргалиқызы комиссия мүшесіне қосылды.

 

 

 

Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылдың 12 айдағы жұмысының қорытындысы
Дата публикации
18 января 2024