Сарқан ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «__» ________
№ ___ қаулысына
№ ___ қосымша
«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) «Сарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Сарқан ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
3) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға, этносаралық қатынасты нығайтуға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу;
4) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуді ұйымдастыру, дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жұмыстар жүргізу;
5) спортпен айналысатын адамдардың сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімдемесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
1) * * құқықтары:
- мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
- жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;
- әкімдіктің отырыстарына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, алқаларына қатысу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) * * * міндеттері:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
- Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
- Бөлім қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
3) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласына қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;
4) саяси партиялармен, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
6) Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және оның құрылымдары: Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі және Медиация саласы бойынша ақпараттық-ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету, акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
8) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;
9) көрнекі-үгіт құралдарын қадағалау, орналастыру жұмыстарын жүргізу;
10) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, қаулыларын дайындау, іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлеу;
11) Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік және өзге де мекемелермен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;
12) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын іске асыру;
13) «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру;
14) мемлекеттік рәміздерді қолдану, пайдалану бойынша және этносаралық қатынасты болжауға бағытталған әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;
15) ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды электронды және баспалы БАҚ, әлеуметтік желілерде уақытылы жариялауын қамтамасыз ету;
16) акпараттық-идеологиялық, ұйымдастырушылық және қоғамдық-саяси жұмыстар кешенін ұйымдастыру үшін жыл сайынғы бірқатар саяси маңызды іс-шаралардың барысын қалыптастыру, саяси жоспарлауды жақсарту мәселері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
17) Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын жасау және оның уақытында орындалуын қадағалау, атқарылған жұмыстар бойынша тоқсандық, жылдық есептерді жоғарғы тұрған органдарға өткізу;
18) Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мониторинг жүргізу;
19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы орындау;
20) Аудан әкімінің бақылауындағы құжаттарға жауап дайындап, жинақтау жұмыстарын жүргізу, сапалы орындау;
21) Аудан әкімі жанындағы тұрақты комиссиялар жұмысының құжаттарын дайындап, өткізу;
22) БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша электрондық мемлекеттік сатып алуға техникалық талаптарын дайындау, оларды жария ету бойынша жұмыстарды атқару;
23) аудан көлемінде айтулы және мемлекеттік мерекелерде өткізілетін іс-шаралар жөнінде ақпараттарды жинақтап, әзірлеу;
24) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіру жүзеге асыру;
25) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
26) мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;
27) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болу;
28) мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру мақсатында жоғарғы тұрған органдарға ұсыныстар енгізу, тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету;
29) жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
30) аудан бойынша орналасқан ескерткіштердің есепке алу карточкаларын, паспорттарын және қорғау міндеттемелерін жинақтау, халықаралық ескерткіштер күніне орай түрлі мәдени шаралар, акциялар өткізу.
31) сынған, қираған, тозығы жеткен ескерткіштердің ақаулық актісін дайындап, тиісті жоғарғы тұрған органдардан жөндеу жұмыстарына қаржы сұрау жұмыстарын жүргізу, жөндеу жұмыстарын бақылауға алу;
32) ескерткіштерді орнату бойынша құжаттарды, материалдарды дайындау және жоғары тұрған органдарға жіберу
33) орнатылатын мемориалды тақтаның құжаттарын жинақтап, дайындап, жоғарғы тұрған органдарга тапсыру.
34) мәдениет мекемелерін қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету, бақылауда ұстау;
35) мәдениет мәселелері жөнінде мәдениет мекемелерінің жұмысы туралы талдамалық материалдар дайындау, жұмыстарын жетілдіру мақсатында практикалық көмек көрсету;
36) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
37) Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын жүргізеді, қадағалау;
38) «Тіл» оқу әдістемелік орталығының жұмысын ұйымдастыру;
39) азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін тексеру жүйесі бойынша ҚАЗТЕСТ байқау сынағына тыңдаушылардың қатысуын ұйымдастыру;
40) мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, аудандық байқаудың жеңімпаздарын облыстық байқауға қатысуға ықпал ету;
41) идеологиялық тұрғыдан ескірген, өзгертуге жататын көше, даңғыл саябақ және тағы да басқа объектілердің атауларын өзгерту мақсатында тиісті құжаттарды жинақтап облыстық комиссияның қарауына енгізу;
42) «Тіл және ономастика» аудандық жұмысшы тобының отырысын ұйымдастыру;
43) «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» ҚР заңын бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану, Тіл туралы заңнаманың бұзылуын жою бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;
44) Мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тиімділігін жақсарту және мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындау және шаралар кешенін іске асыру;
45) Тіл және ономастика саласында түскен арыз, өтініштерді қарау;
46) аудандағы мемлекеттік мекемелердің құжат айналымына мониторинг жүргізу (тоқсан сайын);
47) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
48) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
49) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізу;
50) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
51) Сарқан ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
52) Сарқан ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
53) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
54) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
55) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;
56) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;
57) Сарқан ауданы аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;
58) Сарқан ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
59) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
60) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
61) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) өз құзыреті шегінде бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін және мекеме қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директорын, коммуналдық мемлекеттік мекеме директорларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) өз құзыреті шегінде бөлімнің қызметкерлері, бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
6) Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатына билік етеді;
8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;
9) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
10) «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Бөлімнің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) «Сарқан ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) «Сарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Сарқан ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.