«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Сарқан ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «__» ________

қаулысына №   қосымша

 

«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік

 бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Сарқан ауданы аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Ресупубликасының Елтаңбасы бейнеленген мөрі, және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары бар.
  6. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

  1. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  2. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  3. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041500, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 117.
  4. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  5. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  6. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

  1. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
  2. Мақсаттары:

     халықтың өмір сүру деңгейін мен сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау саласын дамыту мен  жетілдіруде мемлекеттік саясаты іске асыруға жәрдемдесуде жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге  асырады.

  1. Өкілеттіктері:
  2. Құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесөз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

  1. Міндеттері:

1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
          2) аз қамтылған отбасылардың,  жұмыссыз азаматтардың, ардагерлердің, мүгедектердің және мұқтаж азаматтардың басқа жекелеген санаттарының әлеуметтік қолдауын ұйымдастыру;

3) азаматтардың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен көзделген құқықтарын, олардың мүдделерін, мемлекеттік кепілдіктерін қорғау;

4)  халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде

халықты ақпараттандыру;

         5) арнаулы әлеуметтік көмек көрсету стандарттарын енгізу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) нормативтік құқықтық актілерді, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейіне байланысты саралап жүктеуді қамтамасыз ету жолымен іске асыру;

6) атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысу;

7) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің  өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;

 8) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;

 9)  әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

  10) мүгедектігі бар адамдарды арнайы қозғалыс құралдарымен, протез-ортопед бұйымдарымен, сурдо-тифло-техника құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдарымен және кресло арбамен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

  11) соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да санатына арналған әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыру;

  12) үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу, медициналық- әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу, мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

   13)  қаржылық және статистикалық есептерді құрастыру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;

     14) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу;

  15) сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп таңылған азаматтарға қорғаншы тағайындау;

 16) жергілікті атқарушы органдары «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет көрсету;

         15)  кадр жұмысы, іс жүргізу, бөлімге келіп түскен хат- хабарларды өңдеу;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті  атқарушы  органдарға  жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

     «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы  болып  табылады  және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

2) халықты жұмыспен қамту орталығына әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;

3) халықты жұмыспен қамту орталығының  жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

4) халықты жұмыспен қамту орталығының директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымнан босату негіздемесін айқындайды;

5) жылдық қаржылық есептемесін бекітеді;

 

  1. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
  2. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  4. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  5. Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;

2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  2.    Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын  Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  4.   Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



 

 

 

 

 

 

«Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
29 ноября 2023