Сарқан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 34-132 «Сарқан ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
« 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 7 444 472 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 1 050 952 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 12 274 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 33 169 мың теңге;
трансферттер түсімі 6 348 077 мың теңге;
2) шығындар 7 523 578 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 3 604 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 41 400 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 37 796 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 82 710 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 82 710 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 41 400 мың теңге;
қарыздарды өтеу 37 797 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 79 107 мың теңге.».
|
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Разбеков |