2023 жылғы 5 қарашада Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 26 847 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 20162 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0 дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 145 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.
Сарқан ауданы әкімі сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:
Бауыржан Бақытұлы Абибеков үшін сайлаушылардың 2609 дауысы берілді,
Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев үшін сайлаушылардың 17055 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.
Сайлау қорытындысы бойынша Сарқан ауданының әкімі болып Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев сайланды, 1968 жылы туған, Жетісу облысы Сарқан ауданының әкімі, Сарқан ауданы.
Жетісу облысы Сарқан аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы