ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ САРҚАН АУДАНЫНДА САЙЛАУШЫЛАР АРНАЙЫ СЕРВИС АРҚЫЛЫ ӨЗІНІҢ ҚАЙ УЧАСКЕДЕ ДАУЫС БЕРЕТІНІН АНЫҚТАЙ АЛАДЫ
Биыл республикада 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады. Пилоттық негізде бастау алған сайлау жергілікті мәслихат шешімімен Жетісу облысында Сарқан ауданданында өткізіледі.
Бүгінде Сарқан ауданында - 34 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 204 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.
Жергілікті әкімдік сайлаушылар тізімін жасауда белсенді жұмыс жүргізуде. Қыркүйектегі жағдай бойынша Сарқан ауданында – 26 847 сайлаушы тіркелген.
Өңірде дауыс беретін азаматтар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты арнайы сервисі жұмыс жасауда.
Сарқан ауданының тұрғындары https://zhetysu.saylaw.kz/ сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.
Сервисте учаскенің нөмірінен бастап комиссия құрамы мен мекен-жайы және байланыс деректері көрсетілген.
Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.
Диспетчерлер аудан әкімдерінің сайлауына қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап береді.
©Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы