Жергілікті Қоғамдастықтың кезекті жиыны
Сарқан қаласы әкімінің аппаратында 2023 жылдың 02 қазан күні сағат 15-00 де кезекті жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді. Күн тәртібінде, Сарқан қаласына қарасты Ә.Жангелдин көшесін Бөрібай батырдың атына ауыстыру және Т.Шевченко көшесін Алдияр батырдың атына ауыстыру туралы мәселелері қаралды. Ашық дауыс беру нәтижелері бойынша Сарқан қаласына қарасты Ә.Жангелдин көшесін Бөрібай батыр атына ауыстыру және Т.Шевченко көшесін Алдияр батырдың көшесі деп қайта атау туралы шешім қабылданды.