АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Құрметті ауыл тұрғындары!
Жиынға қатысушылар!
Өздеріңізге мәлім, жыл басынан дәстүр бойынша барлық деңгейдегі қала, ауыл, аудан әкімдері тоқсан сайын халықпен кездесулер өткізеді.
2023 жылдың 9 айлық қорытындысын айта кетсек ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң көрсеткіштер тіркелді.
Айта кететін болсақ, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 50 млрд. 632 млн. 800 мың теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен саластарғанда 100%-ды құрады. (2022ж-50750,7 млн. теңге). Жылдық жоспар 73 млрд. 388 млн. теңге (2022ж-68892,6 млн.тг.).
Өнеркәсіп саласы бойынша 2023 жылдың 1 қазанына 7 млрд. 974 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 108 пайызға артты (2022ж- 7408,4 млн.теңге).
Шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнімнің көлемі 12 млрд. 980 млн. теңге (2022ж.-14500,0 млн.теңге). Жылдық жоспар 28 млрд. 500 млн. теңге. Шағын кәсіпкерліктен бюджетке түсетін салықтық аударымдар 1 млрд. 83 млн. 100 мың теңгені құрады (2022ж.- 744,4 млн.теңге). Жұмыс істейтіндер саны – 5840 адам.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар бүгінгі күнге 15 млрд. 128,5 млн. теңге немесе былтырғы жылға 63 пайызды құрады (2022ж.– 25225,2 млн.теңге). Жылдық жоспар 22 млрд. 700 млн. теңге (2022ж-29918,0 млн.тг.).
Одан бөлек, ауданда 472 сауда және қызмет көрсету объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 355 сауда объектілері, 37 қоғамдық тамақтану объектілері, 80 тұрмыстық және сервистік қызметтер объектілері, жаңа форматтағы сауда базары 1.
2023 жылдың 9 айында бөлшек тауар айналымы 3 млрд. 998 млн. 100 мың теңгені құрады өсу қарқыны 115% (2022 жылы 3466,6 млн. теңге құрады). Нақты көлем индексі 100,6%. Жылдық жоспар 7300,0 млн.теңге (2022ж-7034,5 млн.теңге).
Құрметті жиынға қатысушылар!
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін жеңілдетуге арналған «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.
Аталған жүйе арқылы мемлекеттік органдарға өз өтініш-сұрақтарыңызды қойып, оның орындалуын жіті бақылап, сондай-ақ осы жүйе арқылы қойылған сұрақтарыңыздың жауабын да ала аласыздар.
Алда бәріміз жұмыла атқаратын үлкен міндеттер тұр. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!