Сарқан ауданының әкімдігі 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 40 (9540) ауданның қоғамдық-саяси апталық «Сарқан» газетіне сонымен қатар, Сарқан ауданының әкімдігінің сайтына Сарқан ауданының қала және ауылдық округтерінде орналасқан жер учаскелеріне шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс болатындығын жариялаған.
Қатысушылардың конкурстық құжаттамасы бар конверттерді ашу және жеңімпаздарды анықтау 2023 жылғы 23 қазан сағат 11:00 минутта Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тауелсіздік көшесі № 111 (аудан әкімдігінің ғимараты) мекен-жайы бойынша жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Ауданның жер комиссиясының отырысы келесі сілтеме бойынша facebook мессенджерінің әлеуметтік парақшасында онлайн трансляцияда жүзеге асырылады https://www.facebook.com/sarganaudany