"Сарқан су құбыры" ШЖҚ МКК қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ШЖҚ «Сарқан су құбыры» МКК қызметкерлерінің арасында жыл басынан 3 семинар өткізіліп, нәтижесі хаттама негізінде толтырылды. Жиын барысында мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны және жәрдемдескені үшін құқықтық жауапкершілігі мен дербес жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтып түсіндірілді және қызметкерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын бұзбаулары туралы ескертілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы түсіндіріліп, мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтар талқыланды. «Жемқорлық ғасыр дерті» атты тақырыппен барлық жұмысшыларға баяндама оқылды.