Хабарлама
Сарқан ауданы Шатырбай ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
2023 жылғы 03 қыркүйекте Шатырбай сайлау округі бойынша Шатырбай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Шатырбай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 367 азамат енгізілді, олардың 321-і (87,5%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Наханов Ильяс Асильбекович. - 52 адам (16,2%)
Нысангалиев Саят Кыдыргалиевич. – 238 адам (74,1%)
Омарова Гульназым Адилгазиевна. -31 адам (9,7%)
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1982 жылы туған Нысангалиев Саят Кыдыргалиевич Шатырбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сарқан ауданды Шатырбай ауылдық округінің әкімі, Шатырбай ауылының тұрғыны, Партия «Amanat» .
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен 2023 жылғы 03 қыркүйекте сайланған Сарқан ауданы Шатырбай ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы