Сарқан ауданының мәслихаттың
2023 жылғы «___» __________
№ _____ шешіміне қосымша
Сарқан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № 9-44 «Сарқан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Сарқан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Көрсетілетін қызметті алушы оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әсер ететін мән-жайлар туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.
Артық төленген сомалар ерікті немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін шығындарды өтеу Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын анықтама, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы, банктік шоттың нөмірі туралы құжат, өтініште көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды қоса береді:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.
Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі беріледі, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Порталда:
1) шығындарды өтеу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш сұрау салуы;
2) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі;
3) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғаны;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушының оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға, Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) оның қызметкерлеріне беріледі.
ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.