Хабарлама
Сарқан ауданы Қарашыған ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы
2023 жылғы 23 шілдеде Қарашыған сайлау округі бойынша Қарашыған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Сарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 559 азамат енгізілді, олардың 465-і (83,2%) дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амандосова Гульнур Токтарбекқызы. - 362 адам (77,8%)
Жетибаев Максат Кумашевич. – 93 адам (20,0%)
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1982 жылы туған Амандосова Гульнур Токтарбекқызы Қарашыған ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Сарқан аудандық білім бөлімінің М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының директоры, М.Төлебаев ауылының тұрғыны, Партия «Amanat» мүшесі.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен 2023 жылғы 23 шілдеде сайланған Сарқан ауданы Қарашыған ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы