2021 жылдың маусым айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 38 өтініш түскен, 37 жеке тұлғалардан, 1 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 38 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 19. Оның ішінде тұрғын үй кезегі туралы анықтама беру – 1, жер туралы – 11, азаматтық хал актілерін тіркеу – 2, әртүрлі мәселемен – 4, мал ұрлығы туралы – 1. 13 өтінішке түсініктеме беріліп, 6 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 16 жазбаша өтініш қабылданды және 40 анықтама берілген. Жер мәселесі – 11, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 1, мүлік туралы – 4. 7 өтініш қанағаттандырылып, 9 өтініш түсіндірілді.
Ағымдағы жылдың маусым айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғадан 2 коммерциялық сұраныс түсіп, оған түсініктеме берілді.