2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Сарқан (аудан, қала атауы) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық, округтердің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспары

 

 

1. Аудандық маңызы бар қалалардың,  ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

 2021 жыл 25маусым

 

 ( 113-1-б.2,3-т)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2021жыл 05 шілде

 (22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2021жыл 05 шілде

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей, 2021жыл 10 шілде

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей,2021жыл 10 шілде

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 (113-3-б.1-т.)

 

 

 

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

 (ст. 4, пп.2) п. 11 ст.113-5)

 

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Әкімдікке кандидаттың  сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(пп. 8-1) ст.14, ст. 31)

9. Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

В трехдневный срок после проверки кандидата на соответствие требованиям, предусмотренным Конституционным  законом, статьей 36 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и законодательством в сфере государственной службы

(ст. 113-4)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 7-т)

11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді

 

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 2-т)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін 2021жыл 01 шілде

 (113-5-б. 3-т)

 

13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады,2021жыл 14 шілде

( 113-5-б)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2021жыл 05 шілдеде

 (24-б. 5-т)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда , 2021жыл 10 шілдеде

 (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей , 2021жыл 15 шілдеде

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

 

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын,2021жыл 24 шілдеде

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

 жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін 2021жыл 25 шілдеде

 (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

 жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Сайлаудан кейін үш күн мерзімінен кешіктірмей

 (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2021жыл 28 шілде

 (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б, 2-т, 46-б, 113-11-б)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021