2021 жылдың сәуір айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2021 жылдың сәуір айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 52 өтініш түскен, 49 жеке тұлғалардан, 3 өтініш заңды тұлғадан түсті.

Жеке тұлғалардан түскен 49 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 11. Оның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы туралы – 4, жер туралы – 2, жол жөндеу – 2, азаматтық хал актілерін тіркеу – 3. 9 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 2 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.

 Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 40 жазбаша өтініш қабылданды және 69 анықтама берілген. Әр түрлі мәселемен – 6, жер мәселесі – 30, меншік туралы – 1, жол жөндеу – 2. 26 өтініш қанағаттандырылып, 14 өтініш түсіндірілді.

Қала әкімі аппаратына заңды тұлғадан 1 коммерциялық ұсыныс түсіп, түсініктеме берілді.   

Ағымдағы жылдың сәуір айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан жұмысқа орналасу бойынша 1 өтініш түсіп, оған түсініктеме берілді.

Дата публикации
20 мая 2021