Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀ ⠀

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀ ⠀ eGov.kz порталы арқылы:⠀ 1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀ 2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;⠀ 3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀ 4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀ 5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀ 6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀ 7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀ ⠀ Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀ ⠀ ХҚО арқылы:⠀ 1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀ 2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀ 3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀ ⠀ Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.⠀ ⠀

Дата публикации
11 мая 2021