Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына, 84, 85-баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына, Сарқан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 16-87 шешімімен бекітілген Туристік-рекреациялық аймақ «Балқаш» демалыс орынының Бас жобасын жүзеге асыру мақсатында, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 16-87 шешімімен бекітілген Туристік-рекреациялық аймақ «Балқаш» демалыс орнының Бас жобасында белгіленген жер учаскесінде, Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округінде орналасқан жер пайдаланушы «Есмурат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тұрақты жер пайдалану құқығымен тиесілі жалпы көлемі 1202,13 га жер теліміне (кадастрлік нөмірі 03-263-055-101) 622 гектар жер учаскесі кіріп тұруына байланысты 2021 жылдың 16 тамызынан бастап мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.
- Алматы облысы Сарқан ауданы жер қатынастары бөлімі, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы жария етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн аралығында жазбаша түрде жер пайдаланушыға хабарлау қажет, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Жер пайдаланушымен келісу тәртібін жүзеге асыру үшін, үндеу орны: Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі № 8 үй, № 5 және № 8 кабинет, тел: 8.72839-2-17-93, 2-16-72 болып белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің орынбасары А. Мухановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Қайнарбеков