Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ұзақ мерзімдегі басымдықтардың бірі болып кәсіби мемлекеттік аппарат құру айқындалған.
Қойылған тапсырмаларды орындау және белгіленген мақсаттарға жету мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне байланысты, ол өз кезегінде әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлылығын қажет етеді.
Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік қызметшілерге әдептілік жағынан бағыт-бағдар және консультациялық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданды. Әдеп жөніндегі уәкіл болып қызметтестерінің арасында беделді, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол азаматтар бекітіледі. Әдеп жөніндегі уәкілдер өз қызметтерінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесін басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызмет бүгінгі еліміздің дамуында ерекше мәнге ие болып, мемлекетіміздің өсіп –гүлденуі мен бәсекеге қабілетті болуының негізгі іргетасы ретінде қаланды.
Сарқан ауданы бойынша штат бірліктерінің саны 139. Бүгінгі күнге нақты жұмыс істеп отырғандардың саны – 126. Оның 96,8 пайызы қазақ, 3,2 пайызы басқа ұлт өкілдері. Мемлекеттік қызметшілердің 54,8 пайызы әйел (69 азаматша), 45,2 пайызы ер азаматтар (57 азамат). Мемлекеттік қызметшілердің 85,6 пайызы (119) жоғары білімді.
Аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында баршаға көрінетіндей жерде Сарқан ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл туралы толық мәлімет енгізілген тақтасы мен қабылдау кестесі орналастырылған және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) ілінген. Осындай Әдеп кодексінің Ережелері мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мемлекеттік мекеме ғимараттарында тақталары және аудан әкімінің интернет сайтында орналастырылған.
Сарқан ауданының мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен толықтай таныстырылды.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар Әдеп Кодексімен үш күннің ішінде міндетті түрде жазбаша таныстырылуда.
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда:
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс бабында, жұмыстан тыс уақытта, қызметтестер арасында, жалпы адамдар шұғырланған жерлерде, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдырының алдында өзін-өзі ұстану ережелерін түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылғы 1 тоқсанында әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілерімен ZOOM платформасы арқылы 2 жиналысы өткізілді, жиналыс барысында барлық мемлекеттік қызметшілер әдеп кодексін, мемлекеттік заңнамаларын қатан сақтау туралы ескертілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ү.ж. 1 тоқсанына 2 жеке тұлғалармен қабылдау, 4 азаматқа жеке консультация өткізілді, барлығына заң шенберінде түсініктеме берілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында «Мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтерудегі әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі» және интернет желісінде өткізілген жиналыстар туралы 2 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген Президент Әкімшілігімен келісілген мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиаларда аккаунттарды қолдануы бойынша әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиаларды (әлеуметтік желілер, блог-платформалар, форумдар, мобильді мессенджерлер, комментарийлер және басқалар) қолдануы кезінде бірқатар ұсынымдар мен шектеулерді көздегені және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша әлеуметтік желілеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізілетіндігі туралы сонымен қатар жұмыс уақытын тиімді пайдалану және жұмыс барысында қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертіп мемлекеттік мекеме басшыларына ескерту хаттары жолданды.
Мемлекеттік қызметшілердің ой-пікірлерін анықтау мақсатында 2021 жылдың 1 тоқсанында 103 мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен анонимді сауалнама жүргізілді.
Нәтижесінде: сауалнамаға қатысушылардың 100 пайызы әріптестерінің өзіне деген қарым-қатынасы әр кезде әдепті және сыпайы деп көрсетті. Пікірінің әр кезде тікелей басшылығымен ескерілетіндігін 91 пайызы, үнемі емес деп 3,9 пайызы белгіледі. Жұмыстағы әріптестеріне дәлелді ескертулері әрқашан барабар қабылданады деп сұралғандардың 93,2 пайызы, үнемі емес деп 3,5 пайызы білдірді. Әріптестерінің арасында өзге қызметкерлерге/жұмысшыларға қатысты көрінеу жалған мәліметтер тарату тәжірбиесі жоқ деп сауалнамаға қатысушылардың 100 пайызы көрсетті. Жұмыс істейтін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды ұнататындығын 100 пайызы білдірді. Тікелей басшылығының ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды деп сұралғандардың 100 пайызы белгіледі. Тікелей басшылығының қарым-қатынасы әділ деп 100 пайызы көрсетті. Жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде жүктеме бірыңғай бөлінген деп сұралғандардың 100 пайызы санайды. Лауазымдық міндеттерімнің құзыретінен асатын тапсырмаларды орындауды ешқашан талап етпейді деп 100 пайызы белгіледі. Өзінің тікелей басшылығына сауалнамаға қатысушылардың 100 пайызы сенетіндігін көрсетті. Жұмыс істейтін мемлекеттік органда алғашқы рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге/жұмысшыларға бейімделуге көмектеседі деп 100 пайызы білдірді. Күрделі өмірлік жағдайларда тікелей басшылығының жәрдеміне және қолдауына сене алатындығын 100 пайызы көрсетті. Сұралғандардың 100 пайызы тікелей басшылығының жеке істерін тапсыру фактілері болмағанын белгіледі. Сауалнамаға қатысушылардың 100 пайызы тікелей басшылығыңың мереке немесе демалыс күндері жұмысқа шығуды міндеттемейтіндігін көрсетті.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп тұрақты түрде тоқсан сайн жолданады.
Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
Сарқан ауданы бойынша
әдеп жөніндегі уәкілі
Г.Мырзабаева