Сарқан ауданы бойынша әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясатын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Аудан бойынша 17 186 әйел, оның 5273 қалада, 11 913 әйел ауылда. Бала туу жасындағы әйелдер саны - 7819. Ауданда әйелдер дәрігері саны - 43, 20 төсекті перзентхана, емдеу бөлімі және әйелдер кеңесі бар.
Ауылдық округтерде акушерлік – фельдшерлік бөлімшелерде 10, қалада 10 акушер дәрігері жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулаторияларда әйелдер бөлмесі көмек көрсетеді.
2021 жылдың 3 айында 185 сәби дүниеге келді, 1 жасқа дейін шетінеген сәбилер саны – 1, ана өлімі тіркелген жоқ. Әйелдерді сүт безі қатерлі ісігіне, жатыр мойының қатерлі ісігіне, тік ішек қатерлі ісігіне, жүрек – қантамыры жүйесі ауруларына, қант диабеті мен глаукомаға скрининг жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Неке қиғандар саны -56, неке бұзғандар саны -5.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны 197, оның ішінде 100-і әйелдер, 5-і әйел басшы қызметінде, 1 қала және 12 ауылдық округінің 1-і әйел әкім.
Бүгінгі күнге ауданда «Алтын алқа» алқасымен мараппаталған - 5, «Күміс алқа» алқасымен мараппаталған көп балалы ананың саны -4.
Аудан бойынша көпбалалы аналар саны -951, оның ішінде 263 аз қамтылған әйел азаматтарына 19811,9 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды, кемтар балаларды үйде оқытып отырған 27 әйел азаматтарына 630,0 мың теңге әлеуметтік көмек, 99 әйел азаматына тұрғын үй көмегі төленді. Мүгедектердің оңалту бағдарламасындағы ұсыныстарға сәйкес 25 әйел міндетті гигиеналық құралдармен, 24 әйел азаматы санаторлық курорттық жолдамамен, 50 адам жеке көмекшінің қызметімен, 7 адам протезді ортопедиялық бұйымдарымен, кресло арбамен 3 әйел азаматтары қамтамасыз етілді.
79 жалғыз басты қарт әйелдермен мүгедек әйелдерге аптасына 2 рет әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік–медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері көрсетілді. 31 психоневрологиялық ауытқулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі қыз балаларға аптасына 2 рет тұрмыстағы тіршілік әрекеттерін, өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған қызметтер ұсынылды.
Сарқан ауданы бойынша "Наурыз" мерекесіне орай "30 игі істер" акциясы аясында жалпы 2 млн. 284 мың теңгеге ауданның аз қамтылған 82 отбасына, 18 жасқа дейінгі 181 мүгедек балаларға және "Хылық банк" АҚ қолдауымен 42 мүгедек бала өсіріп отырған аз қамтылған көп балалы отбасыларына азық түлік корзиналары берілді.
«Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 362 әйел азаматы жүгінді.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 36 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама берілді. Екінші бағыты бойынша шағын несиені 2 әйел азаматы 9 млн. 500 мың теңге алды. Үшінші бағыты бойынша бос жұмыс орнына 27 әйел азаматы орналастырылды.
Білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылған жастар практикасына 8 жас әйел азаматына, жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрылған әлеуметтік жұмыс орнына 10 әйел азаматына, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмысқа 178 азаматына жолдамалар берілді.
Аудан бойынша әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Шағын кәсіпкерлік иелері арасында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған әйелдердің көрсеткіші – 40% құрайды. Жеке кәсіпкерлікте 830 әйел, шаруа қожалығында 210 әйел. Әйелдер айналысатын кәсіби салалар туралы үнемі ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Сарқан ауданында іскер әйелдер әртүрлі салада жеке кәсіппен айналысып отыр. Мал шаруашылығы, аспаздық, нан өнімдерін, кондитерлік өнімдерді пісіру, балабақша қызметі, тігін цехы, сауда және қызмет көрсету сияқты бірнеше бағытты қамтиды.
Өңірлік бұқаралық ақпарат құралы аудандық «Сарқан» газетінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізу тақырыптары бойынша 5 мақала жарық көрді.