Сарқан ауданы бойынша 23 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты (АХАТ қызметі), 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 8 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі). Аудан аумағында Мемлекеттік корпорацияның 1 бөлімі: Сарқан қаласында жұмыс жасайды (Халыққа қызмет көрсету орталығы).
2021 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 2137 (2136 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) оның ішінде қағаз түрінде –0 (0 жеке тұлға, 0 заңды тұлға) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 2 (1 жеке тұлға, 1 заңды тұлға), электрондық түрде мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2135 (2135 жеке тұлға, 0 заңды тұлға), электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -400, халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы-467. Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 3004.
2021 жылдың басынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 10 жиын, 1 акция өткізілді. Мемлекеттік органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша баннерлер, инфографикалар, ақпараттық тақталар ілінді. «Digital Agent» мобильді қосымшасын халық арасында насихаттау бойынша бүгінгі күнге дейін, ауданда 1 билборд және электрондық қызметтерді насихаттау мақсатында ағымды жылдын 3 айында 3 билборд орнатылды. Электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында жылдың басында 1 бейнеролик түсірілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі туралы және сапасын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, насихаттау бойынша БАҚ-на 5 мақала жарияланды.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары халық арасында үнемі насихатталып, жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 11-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2020 жылдың 20 желтоқсандағы аудан әкімінің №85-ө н/қ өкіміне, Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс – шараларының 2021 жылғы жоспарына сәйкес І тоқсанда 3 мекемеде ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. «Аманбоктер ауылдық округі әкімінің аппараты», «Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты», «Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі». 2020 жылдың І тоқсанында дайындалған актілердің саны -3.
Жыл басынан ішкі бақылау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен ұсынуы айқындалмаған құжаттарды талап ету фактілері анықталмады.
2021 жылыдың 1 тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзу фактілер анықталмады. Аудан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің орындау мерзімдері бөлімшемен үнемі бақылауда.
Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі арыз – шағым түскен жоқ.