2021 жылдың наурыз айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 42 өтініш түскен, 39 жеке тұлғалардан, 3 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 39 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 16. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 3, жер туралы – 11, ауыл шаруашылығы - 2. 11 өтінішке түсініктеме беріліп, 5 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғадан вакцинацияға қатысты 1 жазбаша өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 22 жазбаша өтініш қабылданды және 61 анықтама берілген. Әр түрлі мәселемен – 3, жер мәселесі – 18, меншік туралы – 1. 15 өтініш қанағаттандырылып, 7 өтініш түсіндірілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 1, заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. 2 өтініш қанағаттандырылып, 1 түсіндірілді.