2021 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 39 өтініш түскен, 36 жеке тұлғалардан, 3 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 36 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 21. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 1, жер туралы – 11, азаматтық хал актілері жөнінде – 7, ауыл шаруашылығы – 2. 13 өтінішке түсініктеме беріліп, 8 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан жер мәселесімен 3 жазбаша өтініш түсті. 1 өтініш қанағаттандырылып, 2 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 11 жазбаша өтініш қабылданды және 54 анықтама берілген. Әр түрлі мәселемен – 2, жер мәселесі – 9. 6 өтініш қанағаттандырылып, 5 өтініш түсіндірілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 4 өтініш түсті. 2 өтініш түсіндіріліп, 2 сұраныс қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында 12 азамат болды. Әлеуметтік көмек алу – 1, жер туралы – 4, несие мәселесі – 1, ауыл шаруашылығы – 1, тұрғын үй – 1, әр түрлі мәселемен – 3. Көтерілген мәселелер бойынша барлық өтініштерге түсініктеме берілді.