2021 жылдың ақпан айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 61 өтініш түскен, 59 жеке тұлғалардан, 2 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 61 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 28. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 8, жер туралы – 17, азаматтық хал актілері жөнінде – 2, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы –1. 19 өтінішке түсініктеме беріліп, 9 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы саласына қатысты – 1, жер мәселесімен -1 жазбаша өтініш түсті. 1 өтініш қанағаттандырылып, 1 өтініш түсіндірілді.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 27 жазбаша өтініш қабылданды және 154 анықтама берілген. Әр түрлі мәселемен – 6, жер мәселесі – 18, мүлік туралы – 3. 18 өтініш қанағаттандырылып, 9 өтініш түсіндірілді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 4 өтініш түсті. 3 өтініш түсіндіріліп, 1 сұраныс қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында 4 азамат болды. Оның ішінде жер туралы – 2, тұрғын үй мәселесі – 2. Көтерілген мәселелер бойынша барлық өтініштерге түсініктеме берілді.
Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында қоғамдық жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 4 азамат болды. Барлығына түсініктеме берілді.