2020 жылдың қараша айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 54 өтініш түскен, 49 жеке тұлғалардан, 5 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 49 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 8. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 1, жер туралы – 4, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы – 2, ономастика саласы – 1. 7 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 3 өтініш түсті. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы -2, әр түрлі мәселе – 1. 1 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 41 жазбаша өтініш қабылданды және 176 анықтама берілген. Мүлік туралы – 3, әр түрлі мәселемен – 6, жол – 1, ауыз су – 1, жер мәселесі – 26, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 3, ит алулау – 1. 35 өтініш қанағаттандырылып, 6 өтініш түсіндірілді.
Қала әкімі аппаратына заңды тұлғалардан әр түрлі мәселесімен 2 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылдың қараша айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында азаматтар болған жоқ.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында азаматтар болған жоқ.