2020 жылдың қазан айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 55 өтініш түскен, 49 жеке тұлғалардан, 6 өтініш заңды тұлғадан түсті.
Жеке тұлғалардан түскен 55 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 16. Оның ішінде әр түрлі мәселемен – 4, жер туралы – 2, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы – 4, жол жөндеу – 1, көпқабатты үйдің ауласын жөндеу – 1, тұрғын үй мәселесі – 2, кәсіпкерлік саласы – 2. 14 өтінішке түсініктеме беріліп, 2 өтініш қанағаттандырылды.
Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Оның ішінде жер мәселесімен 1, әр түрлі мәселе – 1. 1 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.
Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 25 жазбаша өтініш қабылданды және 174 анықтама берілген. Мүлік туралы – 5, әр түрлі мәселемен – 5, жол – 1, ауыз су – 3, жер мәселесі – 11. 18 өтініш қанағаттандырылып, 7 өтініш түсіндірілді.
Қала әкімі аппаратына заңды тұлғалардан әр түрлі мәселесімен 4 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылдың қазан айында аудандық бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы саласымен – 1, әлеуметтік мәселе – 5, әр түрлі мәселемен - 2 өтініш түсті. Барлық өтініштерге түсініктеме берілді.
Аудан әкімінің жеке қабылдауында азаматтар болған жоқ.
Қала, ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында ауыз су мәселесімен 1 азамат болды. Көтерілген мәселе бойынша өтінішке түсініктеме берілді.