2020 жылдың желтоқсан айында аудан әкімі аппаратына, аудандық бөлімдер мен ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша ақпарат

2020 жылдың желтоқсан айында аудан әкімінің аппаратына, аудандық бөлімдерге және ауылдық, қалалық округтері әкімдерінің аппараттарына 44 өтініш түскен, 30 жеке тұлғалардан, 14 өтініш заңды тұлғадан түсті.

Жеке тұлғалардан түскен 44 өтініштің ішінде аудан әкімінің аппаратына түскені 7. Оның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі – 3, әр түрлі – 3, азаматтық хал актілерін тіркеу – 1. 6 өтінішке түсініктеме беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан 1 өтініш, 5 сұраныс түсті. Оның ішінде жер мәселесімен 1 өтініш түсіндіріліп, әр түрлі мәселемен 5 сұраныс қанағаттандырылды.   

 Ауылдық, қалалық округтері әкімдері аппараттарында жеке тұлғалардан 23 жазбаша өтініш қабылданды және 185 анықтама берілген. Мүлік туралы – 7, әр түрлі мәселемен – 5, жер мәселесі – 11. 17 өтініш қанағаттандырылып, 6 өтініш түсіндірілді.  

Қала әкімі аппаратына заңды тұлғалардан әр түрлі мәселесімен 8 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында аудандық бөлімдерге жеке тұлғалардан 3 сұраныс және заңды  тұлғалардан 2 ұсыныс түсті. 4 өтініш түсіндіріліп, 1 сұраныс қанағаттандырылды.

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 14 азамат  болды. Оның ішінде тұрғын үй туралы – 11,  жер мәселесі – 2, әр түрлі - 1. Көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берілді.

 

Дата публикации
05 января 2021