Сарқан ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
  2. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2020 жылғы 16 қыркүйек № 86-335 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5666 тіркелген, 2020 жылдың 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Осы шешім оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сарқан аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

 

Дата публикации
04 марта 2021