"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Сарқан ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мухановқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қайнарбеков