Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің назарына!!!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына сәйкес «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияның бекітілген ережесі бойынша 7–тармақ 7) тармақшасында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашырык, су немесе тұз сүзіндісінің сутегі көрсеткіші (рН), нитраттық, жеңіл гидролиздендіргіш немесе сілтілі гидролиздендіргіш азот, фосфордың, калий мен күкірттің жылжымалы нысандарды) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу деп көрсетілген.

Бұл тармақ ағымдағы жылы 1 қаңтар күнінен қолданысқа енгізілді.

«Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сіздерге, қала және ауылдық округ әкімдерге, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге биылғы жылы субсидияланған минералды тыңайтқыштарға міндетті түрде агрохимиялық талдау болу керек екенін ескертеді.

Минералды тыңайтқыштарды субсидиялаудың ережесі бойынша жерге тек акредитталған зертханалармен жүргізілген агрохимиялық талдаудың қортындысы ғана қабылданады.

Ауданымыз бойынша 2020 жылы Сарқан қаласы, Алмалы а/о, Амангелді а/о, Аманбөктер а/о, Бақалы а/о, Екіаша а/о, Шатырбай а/о жаңадан агрохимиялық талдау КазНИИ филиалымен жасалынды, талдаудың құжаттарын осы филиалдан ауылдық округ әкімшіліктердің электрондық пошталарға жіберіледі (КазНИИ филиалының өкілі Темірбаев Нұрлан Нұрғалымұлы 87027461414). Қалған басқа Қарабөгет а/о, Қойлық а/о, Лепсі а/о, Көктерек а/о, Қарашыған а/о-де агрохимиялық талдау 2016-2017 жылдары жасалынған, сол себептен 2016-2017 жылдары агрохимиялық талдау жасаған округтерге берілген құжаттардағы мерзімдеріне қарап жаңарту керек жағдайда осы КазНИИ филиалының өкілімен Темірбаев Нұрлан Нұрғалымұлы 87027461414 немесе Агрохимиялық талдау жасау «Агросмарт» ЖШС-ің өкілімен Асхат 87013182695; 87477590123 хабарласуларыңыз қажет.

Агрохимиялық талдау жасау КазНИИ өкілі: Бауыржан 87017785153

Агрохимиялық талдау жасау «Агросмарт» ЖШС-ің өкілі:

Асхат 87013182695; 87477590123

«Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы тұқым инспекторы Ғ. Батырбекова.

Құрметті ауылшаруашылық тауар өндірушілері, табиғи-климаттық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, сондай-ақ ескірген сорттарға, тұқым материалының тұқымына байланысты «Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүмкіндік болғанша тұқым материалын ішінара ауыстыруыңызды сұрайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385заңдылықты 1-бабы 1-тарауының 13-14 абзацтарды ұстаныңызды сұраймыз             13) сорттың өзгеруі - өндірушілер өсіретін, сұрыптар өндірісінде өсірілетін, пайдалану үшін ұсынылған жаңа сорттарға, өнімділігі жоғары немесе экономикалық құнды белгілері мен қасиеттері бойынша ауыстырылатын сорттардан жоғары сорттарға ауыстыру;

            14) сорттық жаңарту - өндірісте қолданған кезде сорттық және биологиялық қасиеттері нашарлаған тұқымдарды сол сорттың ең жақсы тұқымымен ауыстыру;

        Заң талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайда шаруа құрылым басшыларына Казақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы» заңы бойынша және Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 402 бабына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеміз.

(402-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру және қызметтер көрсету кезiндегi бұзушылықтар

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.)

«Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы тұқым инспекторы Ғ. Батырбекова.

Қазақстан Республикасының «Өсімдік қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-1 бабына 1-ші тармағына сәйкес (Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен пестицидтердің ыдыстары зиянсыздандырылуға жатады). Қолданылған пестицидтердің босаған ыдыстарды олардың басқа мақсатта қайтадан пайдаланылу мүмкіндігіне байланысты тұрғындардың денсалығына үлкен қауіп тудырады.Сол себептен, барлық шаруашылық құрылымдары қолданған пестицидтердің қалған бос ыдыстары болса ыдыстарды залалсыздандырулары міндетті.

Алматы облысы бойынша Іле ауданы Ақши ауылдағы орналасқан «Ақши агросервис» ЖШС-гіне пестицидтердің ыдыстарын заласыздандырылуға лицензиялық рұқсат берілген. Осыған байланысты, барлық шаруа құрылымдары жарамсыз пестицидтерді немесе пестицидтердің қолданған бос ыдыстарды зиянсыздандыру (жою) үшін «Ақши агросервис» ЖШС- мен келісім-шартқа отыру қажет. (Мекен жайы: Алматы облысы Іле ауданы Куртинск ауылдық округі Ақши ауылы, тел 8(727557)24104, сот 87051382989 Идрисова Мақпал).

            Залалнсыздандырылуға жататын жарамсыз пестицидтерді немесе пестицидтердің қолданған бос ыдыстардың көлемі туралы ақпаратты өздеріңіздің тұрғылықты жердің әкімдігіне ұсынуыңыз қажет.

 

 «Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы тұқым инспекторы Ғ. Батырбекова.

 

Дата публикации
08 февраля 2021