Сарқан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Сарқан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Сарқан  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Сарқан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
  2. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан  ауданының әлеуметтік көмек

көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 сәуірдегі  № 36-156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 тіркелген, 2018 жылдың 03 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 


        

 

 

 

Сарқан  аудандық

мәслихатының

2021 жылғы «___»__________

№ ____ шешімімен бекітілген

 

 

Сарқан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

 

 

  1. Осы Сарқан  ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы      № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Сарқан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы қағидаларда  пайдаланылатын  негізгі  терминдер  мен        ұғымдар:

      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай – ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сарқан  ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Алматы облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

       8) уәкілетті орган – «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

       9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

  1. Осы қағидалар Сарқан ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
  2. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
  3. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
  4. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
  5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электрстанциясының апаттарын жоюды еске алу күні;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

     

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

  1. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
  2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

         1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

          2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне

теңестірілген ардагерлері;

4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

          5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар;

         6) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балалар;

          7) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

          8) табиғи зiлзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

         9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

         10) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

         11) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар.     

      Бұл ретте азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейiне бір еселiк қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.

  1. Әлеуметтік көмек келесі азаматтарға (отбасыларға) табыстарын есепке алмай көрсетіледі):

      1) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарды растайтын уәкілетті ұйымның тізімі негізінде әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға ай сайын, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауыратын балаларға ай сайын, ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      3) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы, төртжүз айлық есептік көрсеткіш;

      4) «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа адамдарға жиырма алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, біржолғы;

     5) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар) жиырма алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, біржолғы;

    6) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне коммуналдық қызметтер және телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік ақы төлеу шығыстарын алушылардың жеке шоттарына ай сайын, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

  1. Әлеуметтік көмек келесі азаматтарға (отбасыларға) табыстарын есепке ала отырып көрсетіледі):

    1) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде бес жүз айлық есептік көрсеткіш;

    2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей біржолғы, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    3) босату туралы анықтама беру бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға есепке алу туралы анықтаманы ұсыну бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;

    5) өмірлік қиын жағдайға тап болған табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

    6) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жетпіс пайыздық шектен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлщерінде.

  1. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi Алматы облысының жергілікті атқарушы органының келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.
  2. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

  1. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
  2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес анықталады.
  3. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
  4. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар арқылы адамдардың (отбасылардың) шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
  5. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Сарқан ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

  1. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Сарқан  ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

  1. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

  5-тарау. Қорытынды ереже

  1. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.



Дата публикации
27 января 2021